«Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 24/286 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Маңғыстау облысы аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы № 5/73 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2017 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2008 жылғы 24 маусымындағы № 97 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 22, 23 абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«қолданыстағы объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органның рұқсаты;
жер учаскесінде (құрылыс алаңында, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгіленген нақты объект (кешен) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) берген рұқсаты.»;
4-тармақтың 3-тармақшасында «тарихи, мәдени құндылықтар» деген сөздер «тарих және мәдениет ескерткіштері» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Объектілер мониторингі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі.»;